Ұлытау облысындағы Қаражал қаласы екі күннен бері жарықсыз отыр

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Қаражал қаласының тұрғындары екі күннен бері жарықсыз қалды. Үйлердің көпшілігі электрсорғымен жұмыс істейтін пешпен қызатындықтан, тұрғындар жылуға да зәру болып отыр. Тіпті кейбір үйлердің жылыту жүйесі қатып, жарылып жатыр. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлім етті. 

Ұлытау облысындағы Қаражал қаласы екі күннен бері жарықсыз отыр
Фото: pixabay.com.

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні сағат 9:50–де ауа райының қолайсыздығына байланысты электр жүйесінде апат болған. 

— Бүгін таңғы 5:00–ке дейін электрик мамандар апатты электр жүйесін қалпына келтіру үшін жұмыс істеді. Қазір 385 абонент жарықсыз қалып отыр. Оның ішінде әкімдік, Қазпошта, Мәдениет үйі сондай-ақ № 1 орта білім беру мектебі де бар, — деді облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысындағы Қаражал қаласына 1 млрд теңге инвестиция салынатынын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар