Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлытау облысы Алмат Саухимов Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алмат Саухимов 1985 жылы дүниеге келген.
Орталық-Азия университетін «Қаржы», Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» және Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сәтбаев қаласындағы «Сәт Сәулет» ЖШС-нің абаттандыру шебері, директор орынбасарының міндетін атқарушы болып бастаған.
2007-2022 жылдар аралығында салық және мемлекеттік кірістер жүйесінде жұмыс атқарды. Оның ішінде Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы, Қарағанды облысының Салық департаментінде басқарма басшысы, Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2022-2023 жылдары Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімі болды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келді.
Осыған дейін Ұлытау облысында тағы екі ведомство басшысы тағайындалғаны туралы жаздық.