Ұлытау өңірі ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жоспарларын таныстырды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Ұлытау облысы агросекторында 2025 жылғы негізгі көрсеткіштер жарияланды. 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға 4,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

ауыл шаруашылығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ведомство мәліметіне сәйкес, бұл қаражат шамамен 780 шаруа қожалығына көмек көрсетіп, олардың техникасын жаңартуына, заманауи технологияларды енгізуіне, өндіріс өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруына мүмкіндік берді.

Әкімдік ағымдағы жылы қысқы кезеңде мал басын күтіп-ұстауға қажетті жем-шөп қорының жоспары — 545,0 мың тонна екенін атап өтті.

— Бұл көлем малды толыққанды азықтандыруды, жоспарланған өнім көлемін, төл алуды және мал басының сақталуын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Қазіргі уақытта, жергілікті әкімшіліктердің мәліметтеріне сәйкес 558,0 мың тонна жем-шөп дайындалған, бұл жоспардан 2,5 пайызға артық. Жыл басынан өңірімізде 53,6 мың тонна сүт, 20,5 мың тонна ет және 24,7 млн дана жұмыртқа өнімдері өндірілді, — деп жазылды хабарламада.

Өңірдегі фитосанитариялық ахуалды тұрақты және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды организмдерден қорғау мақсатында саяқ шегірткеге қарсы 17 220 гектарға және үйірлі шегіртке — итальяндық прустқа қарсы 10 290 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. 2026 жылға жоспар саяқ шегірткеге қарсы 23,7 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласында 500 гектарға «Kengir Agro» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі және Жаңаарқа ауданында «Бірлестік» шаруа қожалығы 200 гектарға суармалы егістік алқабын құру жобалары іске қосылуы жоспарланған.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады, бәсекеге қабілетті орта қалыптастырады, сонымен қатар, бұл жобалардың жалғасы сүт — тауар фермаларын құруға және өнімді терең өңдеуге бағыттайды.

Сонымен қатар, 2026 жылға жалпы сомасы 11 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, балық шаруашылығы, жылы-жайларда көкөністер егу, суармалы егістік алқаптарын ұлғайту бағытындағы жобалар да бар.

Соңғы жаңалықтар