Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрамына өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесшілері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммуналдық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Фото: Үкімет

Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Фото: Үкімет

Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелеріне дайындығын тексерді. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды.

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Фото: Үкімет

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. 

Соңғы жаңалықтар