Ұлытауда ауыл шаруашылығы басқармасы экс-басшысы мен орынбасарына қатысты тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В отношении экс-главы управления сельского хозяйства области Улытау и его зама начато расследование
Коллаж: Kazinform

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық дерегіне күдікті Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растайды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп атап өтті ведомство.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қайрат Мутаев пен Ақбаян Сексенбаева тәртіптік жазасы бола тұра қол астындағы қызметкерлері арқылы сыйлықақы алғаны туралы ақпарат таралды.

Еске салсақ, Қайрат Мутаев 2022-2024 жылдар аралығында Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал 2024 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Бұған дейін Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар