Ұлытау облысында көпсалалы клиника салудың қажеті жоқ – Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаевтың Ұлытау облысында онкология, перинаталдық және жедел жәрдем бағыттарымен қамтылған заманауи көпсалалы клиникалық орталық салу керектігі туралы сауалына жауап берді.

Соцобъекты на 60 миллиардов тенге построят в области Улытау за счет спонсоров
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

- Өңір халқына онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалану үшін Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ОКА) қолданыстағы ғимаратын қайта жаңарту және 100 төсек-орындық жаңа корпусқа жапсарлас құрылыс салу жобасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2025-2027 жылдар. Бұл ретте құрылыс кезеңінде өңір халқына қажетті көлемде онкологиялық көмек көрсету үшін 2025 жылдың соңына дейін ОКА базасында 20 төсек-орындық онкохирургиялық бөлімше ашу мәселесі қаралып жатыр, - деп жазады Премьер-министр.

Ал қосымша құрылыс аяқталғаннан кейін босайтын ОКА алаңы перинаталдық төсек-орынға деген нақты сұранысты жабатын, халық талабына сәйкес келетін толыққанды перинаталдық бөлімшеге айналады.

- Осы іс-шараны іске асыру нәтижесінде өңірде көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарады. Халыққа шұғыл медициналық көмектің қолжетімді болуын әрі оны уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем станциясын ұйымдастыру мәселесін мобильді қосалқы станцияны орналастыру арқылы шешу жоспарланып отыр. Аталған шара, әсіресе жұмыс істеп тұрған базалардан алыс елді мекендерде, шақыруларға жедел ден қоюға, сондай-ақ жедел медициналық көмектің қолжетімділік көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді, - деп жазылған жауапта.

Бұған дейін Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар