15:50, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысына бес консорциум үміткер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысына бес консорциум үміткер. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 56 шақырымға созылған бұл жолдың жобасы Алматының көліктің жүйесін жеңілдетуге негізделген.
«Бірінші жартыжылдықта алғашқы кезенің конкурстық өтініштерін айқындау жүргізіліп, екінші кезеңге бес консорциум мамандандырылды. Биылдың төртінші тоқсанында байқаудың екінші кезеңі жүргізіледі. Желтоқсан мен 2016 жылдың басында өтініштерге бағалау жүргізіп, үздігін анықтап, кейіннен келіссөздер үдерісіне көшу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдың екінші жартысында қарастырылып отыр», - деді ол.