Үлкен мөлшерде отын ұрлады деген күдікпен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Нұрқазған» кенішінің қызметкерлері ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - 1 млн. теңгеден астам соманың дизель отынын ұрлады күдікпен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Нұрқазған» кенішінің жабдықтау бөлімі бастығының орынбасары, сондай-ақ кеніш жұмысшысы мен күзетшісі ұсталды,
None
None

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Шұғыл іздеу жұмыстарының барысында желтоқсанның 2-сінде сағат 19.00-де «Нұрқазған» кенішінің аумағында рөлінде Қарағандының 24 жасар тұрғыны отырған, қасында 28 жасар ер адам бар жартылай тіркеме тіркелген «Цзефан» маркалы автоцистерна ұсталды. Цистернада 1 млн. 180 мың теңге сомасында 15,7 тонна дизель отыны анықталды. Олардың тиісті құжаттары болмаған», - деп айтылған қылмыстық оқиға анықтамасында.

Ұсталғандар қамауға алынды. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар