Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлт қолдап отырған Мемлекет басшысы - еліміздің табысты дамуының кепілі - Талдықорғандағы форум

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Ұлт қолдап отырған Мемлекет басшысы - еліміздің табысты дамуының кепілі,

Ұлт  қолдап  отырған  Мемлекет басшысы -   еліміздің  табысты  дамуының кепілі -  Талдықорғандағы форум

деп мәлім етті Үкімет басшысы Талдықорғанда өткен «Берік іргеміз - Елбасымен біргеміз!» форумында сөйлеген сөзінде.

Премьер-Министр жиналған қауымның есіне «Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық», - деген Президентіміздің сөзін салып өтті.

Форумға қатысушылар халықтың әл-ауқатын жақсарту, елімізде әлеуеттік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі қабылдап жатқан шаралары үшін Елбасына және Үкіметке қолдау білдірді. Олар сондай-ақ Елбасы Жолдауында және алдағы 10 жылға қабылданып отырған Стратегияда айтылған бағыт-бағдардың дұрыстығына сенім білдірді. Сөз сөйлегендердің қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бюджет саласының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері болды.

Форумнан кейін Премьер-Министр аймақтың бірқатар жаңа әлеуметтік және мәдени нысандарын аралады.