Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлт Көшбасшысының халықтық реформалары - еліміздің одан әрі дамуының басты бағдары - Қазақстан кәсіпкерлері форумы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпкерлер форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтады.

Ұлт Көшбасшысының халықтық реформалары  - еліміздің одан әрі дамуының басты бағдары - Қазақстан кәсіпкерлері форумы

«Сіздің ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзіңіз - біздің одан әрі дамуымыздың басты бағдары. Бүгінде Қазақстанда Сіздің арқаңызда болашақ ілгерілеудің берік негізі қаланды», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлер форумы Мемлекет басшысы бастамашы болған халықтық реформалар маңызды бағдарламалар мен жобаларды тиімді орындауға барлық жағдай туғызады деп санайды.

«Қазірде біз Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында өмір сүріп, жұмыс жасауды бастадық, біздің экономикалық саясатымызды жаңартудың айрықша маңызы зор. Қазақстан экономикасының және қазақстандық өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі бұған тікелей байланысты», - деп атап өтілген құттықтауда.

Бұл орайда Мемлекет басшысы алға қойған шағын және орта бизнесті мақсатты қолдау, тариф саясатын жаңарту, елдің экспорттық әлеуетін дамыту міндеттері әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының арта түсуіне де оң ықпал етпек.

Қазақстан кәсіпкерлері қызмет көрсету, әсіресе шағын және орташа кәсіпорындардың сервистік секторын дамыту сияқты өзекті бағыттарды дамытудың маңызын атап көрсетеді. Бұлар, сайып келгенде, жаңа жұмыс орындары, әсіресе, ауылдық аймақтар үшін жаңа мүмкіндіктер деген сөз.

Қазақстан кәсіпкерлері форумы Ұлт Көшбасшысы ұсынған қазақстандық қоғамды жаңарту реформалары біздің еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұзақмерзімді бағдарламасын ойдағыдай орындауына және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік береді деген сенімін білдірген.