Ұлт Лигасының алғашқы сынында Қазақстан Грузия құрамасына жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Ұлт Лигасы матчында қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Ұлт Лигасының алғашқы сынында Қазақстан Грузия құрамасына жол берді

Ойын басында екі команда да тең түсіп жатты. Алайда, екінші таймның орта тұсына таман грузиндер 5 минуттың аралығында екі рет гол соғып үлгерді. Алдымен Чакветадзе мергендігімен танылса, артынан Малый өз қақпасына гол салып алды.

Бүгін Ұлт Лигасының «D» дивизионының 1-ші тобының тағы екі қатысушысы өзара бәсекеге түседі. Олар: Латвия мен Андорра құрамалары.

Қазақстан -Грузия 0:2 (0:0)

Голдар: Чакветадзе 69, Малый - автогол 75