ҰЛТ ЖОСПАРЫ: Жамбыл облысы Қордай ауданындағы инвестициялар көлемі өткен жылы 174,4%-ды құрады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Туындаған қиындықтарға қарамастан, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындардың бірлескен жұмысының арқасында аудан экономикасында өсім байқалды, деді жуырда өткен өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі Қайрат Досаев.
None
None

Елбасының «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан шаруалар жайлы баяндаған ол ауданда бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бұл қуаттылығы 53,75 МВт жел электр стансасының, өндіріс көлемі жылына 1,5 тоннаны құрайтын алтын кен комбинаты, сонымен қатар әлеуметтік нысандардың құрылысы.

«Қордай ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын 8 829 субъект тіркелді. 92,9%-ы істеп тұр, - деді Қ. Досаев. - 2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан өнеркәсіптік өндіріс көлемі 8,5 млрд. теңгеге, физикалық көлем индексі 100,1%-ға жетті. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 26,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейдің 174,4%-ын құрады. Мемлекеттік бюджетке 5,5 млрд. теңге салық және өзге де төлемдер түсті, жоспар 120,4% орындалды. Аудандық бюджеттің кіріс бөлімі 147,5%, шығыстар бөлімі 100% орындалды».

Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілердің 21%-ы - шаруа қожалықтар, 73,7%-ы - жеке кәсіпкерлер.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығының өндірісі 28,5 млрд. теңгені құрады. Шаруашылықтар 615,2 млн. теңгеге 95 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Оның 38-і «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке алынды. Тамшылап суару технологиясы жердің 2 539,7 гектарында пайдаланылды. 2015 жылы 1 175 га қолданылды. Масанчи ауылдық округінде қызанақ өсіруге арналған ірі жылыжай пайда болды», - деді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар