Ұлтымыздың неке қию салты

АСТАНА. KAZINFORMМәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай kazinform агеніттігі назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады.

Неке қию
Фото: freepik.com

Неке қидыру – бас құрап үйленетін жігіт пен қыздың міндеттітүрде орындайтын ғұрпы.

Неке – бас қосып үйленетін жұбайлар үшін өте қасиетті ұғым əрі ерлі-зайыптылық жəне оған беріктік шарты. Неке қидыруға күміс білезік, күміс сақина жəне жебе салынған бір тостағанға құйылған тəтті суды молланың алдына жайылған ақ дастарқан үстіне қояды. Ер-əйел екі жағынан некеге куə болатын (үштен жоғары) адамдар үйді қоралай келіп отырады. Əр екіжақтың куəгерлері толық келіп болған соң, молла жүгініп отырып: «Бісміллəһи иррəхімəн иррəхим! Алланың əмірі, Пайғамбардың сүннеті, адал некеленген осы қыз бен жігіттің (ер мен əйел дің) некелері тұрақты, бастары бақытты, сау денелі, ұзын өмірлі, жақсы перзентті, ынтымақ-берекелі болуын, бір Алла, өзіңнен ғана тілейміз! Алла-һуак бар!» деп, неке дұғасын оқып, тостағандағы тəтті суға дем салып, күйеу жігіттен: – Пəленнің қызы түгенді өзіңізге өмірлік жар етуге ризамысыз? – деп сұрайды. Оған жігіт риза болса: – Ризамын! – деп жауап береді. Сол кезде жігіт жақтың куəлікке келген адамдары бір ауыздан: – Куə-куə, куəміз, Куəлікке жүреміз.Таңда Тəңір алдында, Мұнда қазы алдында, Ақ куəлік береміз! – деп іле жөнеледі. 

Одан соң, молда қалыңдықтан: – Сіз пəленнің ұлы түгенге өмірлік жар болуға ризасыз ба? – деп сұрайды. Қыз риза болса:– Ризамын! – деп, өз ризашылығын береді. Сол кезде оның куə герлеріде: – Куə-куə, куəміз, Куəлікке жүреміз,Таңда Тəңір алдында, Мұнда қазы алдында, Ақ куəлік береміз! – деп қызды қостай кетеді. Соңында, молла қыз бен жігіттің ризалығын алған соң, қолындағы неке суын алдымен жігітке беріп бір ұрттатады, онан соң, қызға б ріп бір ұрттатады. Бұл олардың ресми ерлі-зайыпты болғандығының белгісі есептеледі. Міне, бұл «неке қидыру» деп аталады.

Некелерін қидырып, неке суын ішкен күні түнде жігіт қалыңдығымен оңаша кездеседі. Бұл кездесу – «отауға түсу» деп аталады. Қыз жеңгелері күйеу жігіт пен қалыңдыққа арнап төсек салып, үстіне неке жаулық төсеп беріп, екі жасты оңаша қалдырып, жақсы тілектерін білдіріп, үйден шығып кетеді. Бұл «ақ некелі түн» деп аталады. Бұл түні қалыңдықтың болашақ күйеу алдындағы пəктігі мен арулық абыройы айқындалады...

Неке
Фото: adyrna.kz

Қалыңдықтың қыз балалық қасиетін таза сақтап, заңды некеге дейін беті ашылмай құтты орнына қонуы қыз баланың жеке өз басынан тыс, туған елі мен ата-анасына үлкен абырой əперіп, болашақ отбасының тату-тəтті, бай-бақытты өмір өткізуіне берік негіз қалайды. «Қызға қырық үйден тыйым, ұлға мың сан жерден сын» деп, үй лену тойымен «ақ неке түніне» ерекше мəн береді.

Неке қидыру үйленетін қыз бен жігіттің, яғни, бас құрап, өмірлік жар болуды ниет еткен ер мен əйелдің бір-біріне деген жауапкершілік, өзара аяушылық, бағыныштылық сезімін оятады. Сондай-ақ, ақ некеге адал болуға, махаббат-неке ісінің жеңіл-желпі қарауға болмайтын өте маңызды, адамгершілік пен ар-абыройға саятын қасиетті іс екендігін алғашқы адымда ұғындырады. Болашақ отбасының тату-тəтті, береке-бірлікті болуына рухани, идеялық жақтан негіз қалайды. Көңіл күйді орнықтырып, екі жасты бір мақсат, бір тілек те болға құлшындырады

Материал Айып Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кінабына негізделіп дайындалды.

Соңғы жаңалықтар