12:20, 08 Қаңтар 2019 | GMT +5
Ұлттар кубогіне қатысатын боксшы қыздардың тізімі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-21 қаңтар күндері Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Сербия төріндегі сынға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк жылдың алғашқы жарысында бақ сынайтын спортшылар тізімін жариялады.
Олар: Әйгерім Қасенаева (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Ангелина Лукас (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі) Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
Еске салайық, «Ұлттар кубогі» жыл сайын Сербияда ұйымдастырылады.