Ақбөкен, арқар, сұңқар бейнеленген жаңа монеталар айналымға шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк «Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады.

Ұлттық банк бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады
Фото: Ұлттық банк

Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.

Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған, дайындау сапасы — uncirculated, номиналы — 100 теңгелік, салмағы — 6,45 грамм, диаметрі — 24,5 мм, әр түрінен 3 000 000 (үш миллион) дана, жалпы таралымы — 15 000 000 (он бес миллион) дана.

Монеталар Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы монеталармен қатар еркін айналымға арналған және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылады.

Монеталар елдің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Айта кетелік OTYRAR және GRIFFIN коллекциялық монеталар айналысқа шығатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар