09:23, 23 Қараша 2023 | GMT +5
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 23 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 456,83 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,18 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458– 462 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 458,7– 461,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,09 – 5,27 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 22 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 457,21теңге болған.