Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Коллекциялық монеталар ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы 2026 жылғы 19 тамыздан сатыла бастайды.
Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.
Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 35×45 мм, дайындау сапасы — «рrооf», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы — 1 000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Айта кетелік Бурабай мен Сығанаққа арналған жаңа монеталар айналымға шығатыны туралы жазған едік.