Ұлттық банк: нақты секторда экономикалық белсенділік жақсарды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың II тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижеcі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірме ақпаратын жариялады.

Ұлттық банк: нақты секторда экономикалық белсенділік жақсарды
Фото: Pixabay.com

— Кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша 2025 жылдың II тоқсанында дайын өнім бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп, шикізат пен материалдар бағасы өзгерген жоқ, — делінген хабарламада.

Кәсіпорындар өнімінің баға динамикасын өлшейтін диффузиялық индекс (ДИ) 59,4 болды (2025 жылғы I тоқсанда — 59,7). 2025 жылдың ІІІ тоқсанында кәсіпорындар дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтеді.

Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілеудегі ең маңызды фактор — шикізат пен материал бағасы және сұраныс. Шикізат бағасы өзгеріссіз қалып, ДИ 73,0 (2025 жылғы I тоқсанда — 73,0) деңгейінде болды.

Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс біршама төмендегенімен, өсім тұрғысынан оң аймақта қалды (ДИ — 51,0). 2025 жылдың ІІІ тоқсанында нақты сектордағы кәсіпорындардың күтулері бойынша тауар өндіру мен көрсетілетін қызмет секторында сұраныстың өсу қарқыны жеделдейді.

Сату рентабельділігінің орташа деңгейі (пайыздық төлемдер, салық және амортизация шығындарын шегергенге дейін) жалпы экономика бойынша 25,2%-ға (24,7%) дейін өсті, бірақ тарихи орташа нормадан (23,3%) жоғары қалыптасып отыр.

Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамалардың жиынтық бағасын білдіретін композиттік озыңқы индикатор (КОИ) нақты секторда экономикалық белсенділіктің жақсарғанын көрсетті.

II тоқсанда сауалнамаға 3454 кәсіпорын қатысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық банк банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды арттырады.

Соңғы жаңалықтар