Ұлттық банк теңге бағамы белгіленетін валюталар тізімін кеңейтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамын айқындау қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі.
Жобаға сәйкес, Ұлттық банк ресми бағам белгілейтін шетел валюталарының тізімі кеңейтіледі. Түсіндірме жазбада тізімді 39 валютадан 48 валютаға дейін ұлғайту жоспарлан.
Сонымен қатар қағидалар Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына, Салық және Цифрлық кодекстеріне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына және Ұлттық банк туралы ережеге сәйкестендіріледі.
Құжат жобасы 19 мамырға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуі мүмкін екені белгілі болды.