03:01, 27 Шілде 2025 | GMT +5
Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда күмістен жасалған коллекциялық монета пайда болды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын сатылымға шығара бастайды.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 1000 теңге, таралымы 2000 (екі мың) дана.
Айта кетейік, Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
Қазақстан футболына арналған коллекциялық монеталар сатылымға шықты.