Ұлттық фильм мәртебесін және куәлігін беру қағидаларына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM –  «Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №78 бұйрығына бірқатар өзгеріс енгізілді.

Амангелді
Фото: Wikipedia

Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш беруші уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттарды ұсынады.

1) уәкілетті орган басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысанда өтініш. Өтініште мынадай мәліметтер:

фильмнің атауы;

фильмді шығарушы ел;

фильмді шығарушы студия;

фильмнің шыққан жылы;

фильмнің форматы;

фильмнің хронометражы;

фильм серияларының саны;

фильмнің жанры;

фильмнің жас санаты;

олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) көрсетіледі;

фильмнің продюсерлері; фильмнің тілі, фильмді дубляждау не оның субтитрлерінің, не кадр сыртындағы аударма тілдері (бар болған кезде);

өтініш берушінің деректемелері (заңды мекенжайы, заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі);

өтінішті берген күні және өтініш берушінің қолы;

2) техникалық талаптарға сәйкес келетін кез келген жеткізгіштерде фильмнің көшірмесі;

3) заңды тұлға продюсерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға продюсердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) фильм түсіретін топтың құрамымен (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) жасалған шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

5) фильмнің сметалық құнын және оны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар.

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған фильмдер бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды өтініш беруші фильмді мемлекеттік фильмдер қорына тапсырғаннан кейін 30 күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

Сондай-ақ ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі. Ұлттық фильм куәлігін беру осы қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Сол сияқты ұлттық фильм куәлігін беруді уәкілетті орган осы қағидаларға қосымшаға сәйкес тегін беріледі.

Ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларымен толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар