Ұлттық қор балаларға: Жасөспірімдер 30 млн 640 мың долларды кәдеге жаратты

АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында 304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты кәдеге жаратты. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

ұлттық қор балаларға
Фото: freepik.com

«Биыл алғашқы қадам жасалып, 6,9 млн бала 100,52 доллардан алды. Өйткені, Ұлттық қордың кірісі 1,3 млрд долларды құрады. Оның жартысы – 695 млн доллар, осы қаражат бөлінді. 2024 жылы 18 жасқа толған не толатын балалар саны – 304 815. 1 наурызда олар 30 млн 640 мың доллар қаражатты алды. Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлем көлемі де ұлғаяды», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сонымен қатар ол балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайтындығын айтты.

«Ең жоғары шегін айта алмаймын, көріпкел емеспін. Дегенмен, оның ұлғая түсетіндігіне үміттенеміз», - деді Мәди Такиев.

Соңғы жаңалықтар