Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек – Мемлекет басшысы

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

ұлттық қор балаларға
Фото: Мұхтар Холдорбеков/"ҚазАқпарат" ХАА

«Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек екенін атап өтті.

«Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет екені айтқан еді

Соңғы жаңалықтар