Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. 

Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған.

Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды.

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII–XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру, оның қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретіндегі рөлін көрсету және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру.

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Қалалық мәдениет бөліміне тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы қойылған.

Әскери өнер бөлімінде қару-жарақ элементтері көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға арналған бөлімде Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалады. 

Айта кетелік Ақтөбеде облыстық музей экспонаттарының 28% ғана цифрлық форматқа көшірілді

Соңғы жаңалықтар
Референдум