18:03, 03 Қараша 2025 | GMT +5
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының нақты санын атады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәлімет жариялады.
Статбюро берген ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20 445 231 адамға жеткен.
Жылдың басынан бастап халықтың жалпы өсімі 161 832 адам жетсе, оның ішінде:
-
табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
-
көші-қон есебінен – 10 200 адам.
Бюро мәліметіне сенсек, Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 миллион адамнан асты:
-
Алматы – 2 337 023 адам
-
Түркістан облысы – 2 148 207 адам
-
Астана – 1 612 512 адам
-
Алматы облысы – 1 586 875 адам
-
Шымкент – 1 286 087 адам
-
Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
-
Қарағанды облысы – 1 131 818 адам
Ал еліміздегі халық саны 1897 жылдан бері қалай өзгергенін мына сілтемеден оқыңыз.