Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі су нысандары туралы деректерді біріктіреді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

В ВКО впервые с 80-х годов начали масштабную расчистку каналов
Фото: Kazinform

- Жыл басынан бері біздің министрлік Еуразия даму банкінің цифрлық бастамалар қорының гранты есебінен ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Аталған платформа біртұтас цифрлық орта ретінде жұмыс істейді және су нысандары туралы деректерді біріктіреді. Ол дегеніміз спутниктік мониторинг, датчиктер мен есептегіш құралдар, гидропосттар, жедел есептілік және салалық статистика. Сонымен қатар суармалы желілер мен су ресурстарын есепке алуды автоматтандыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, бүгінде 3,5 мың шақырымнан астам суару инфрақұрылымын жаңғырту және цифрландыру мақсатында каналдар кезең-кезеңімен автоматтандырылып жатыр.

- Атап айтқанда, биыл Қызылорда облысында 58 гидробекетті автоматты су есептеу құралдарымен жабдықталып жатыр. Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облысында жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан астам суару желілерін цифрландыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, - дейді ол.

Бүгін Үкімет отырысында су шаруашылығына қатысты мәселелер талқыланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар