Ұлттық су шаруашылығы университеті биыл Тараздан ашылады

Вице-премьер Канат Бозумбаев провел совещание по вопросам восстановления гидромелиоративно-строительного института в Жамбылской области
Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, су ресурстары және ирригация, ұлттық экономика, әділет вице-министрлері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы қатысты.

Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.

Вице-премьер еліміздің базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіруді Мемлекет басшысы тапсырғанын еске салды.

Саясат Нурбек
Фото: primeminister.kz

Университетке ұлттық мәртебе беріледі, ол тек су ресурстары мәселелеріне маманданады.

Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. 

Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөз жүргізілуде.

Талапкерлерді тарту үшін білім гранттары көзделеді. 

Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды — университет қыркүйек айында өз есігін ашуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар