Ұлттық ұлан әскери қызметшілері СҚО-да 200 мыңнан астам қапшық дайындады

АСТАНА. KAZINFORM – 24 сәуірден бастап ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясының 800-ден астам курсанты төрт ауысымда тәулік бойы бөгеттерді нығайту және қорғаныс шекараларын салу жұмыстарына жұмылдырылды. Оларға қосылған 6637 әскери бөлімінің 400 әскери қызметшісі де қауіпті аймақта ауысыммен қызмет етіп жатыр.

ІІМ Ұлттық ұланы
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы

Бүгінде ұландықтардың күшімен инертті материалдары бар 200 мыңнан астам қап дайындалды. Салынған бөгеттің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Бұл күш Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылының тұрғындарын ықтимал табиғи апаттардан қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 

ІІМ Ұлттық ұланы
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы

Күн сайын сол жерде еңбек ететіндердің арасында Академия курсанты Тимур Қайырханов та бар. Ол өзінің 23-ші туған күнін ерекше жағдайда атап өтті. Жеке мерекесіне қарамастан, өзіне жүктелген тапсырмаларды орындауды жалғастырған Тимур осы міндеттің маңыздылығына тоқталды. 

ІІМ Ұлттық ұланы
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы

- Біздің көмегіміз тұрғындарға қаншалықты қажет екенін түсінеміз. Бұл міндетті орындау арқылы әрқайсымыз жалпы қауіпсіздік мәселесіне үлес қосамыз, - дейді ол.

Әскери қызметші әйелдердің күшімен жеке құрамның моральдық рухын сақтау үшін тамақтану және жылыту пункттері ұйымдастырылған. Бұл әскери қызметшілерге тәулік бойы қиын жағдайда қызмет ету кезінде күш пен денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді. 

ІІМ Ұлттық ұланы
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы

Бөгет жасап, қауіптің алдын алу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ұландықтар осы жолдағы міндеті мен азаматтар алдындағы борышын адал атқарып келеді. 

ІІМ Ұлттық ұланы
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімі әзірленіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар