17:30, 03 Тамыз 2022 | GMT +6
Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа басшы келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапхана басшысы болып Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева тағайындалды. Жаңа директорды арнайы құттықтап, жұмысына сәттілік тіледік.
Кітапханаларды заман талабына сай жетілдіріп, оқуға құштар қоғам қалыптастыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте, Ғазиза Құдайбергенқызы білікті маман ретінде тың бастамаларымен, жаңашыл идеяларымен Ұлттық академиялық кітапхана жұмысын одан әрі нығайта түседі деп сенемін», - деп жазды министр.
Айта кетейік, қала әкімі Алтай Көлгінов астанада кітапханашылардың айлығы өскенін мәлім еткен еді.
Фото: facebook.com/Даурен Абаев