09:54, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ұлттық әл-ауқат қорының мәртебесі заңмен айқындалады
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» жаңа заң жобасы келіп түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Президентінің 2008 жылғы қазанның 13-індегі Жарлығын іске асыру шеңберінде әзірленген.Ұлттық әл-ауқат қорын ұйымдастыру мен оның тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында бірқатар ережелер көрсетілген.
Заң жобасында аталмыш қор мәртебесінің, оны ұйымдастыру мен қызметінің ерекшеліктері айқындалады.Ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында аталған қорға бірқатар ерекше өкілеттіктер беріледі. Оның бәрі осы заң жобасында айқындалған.