17:12, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Ұлттық банк 2010 жылғы инфляцияға жасаған болжамын қайта қараған жоқ - Данияр Ақышев
АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Инфляция біз болжаған дәлізде". Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев бүгін Алматыда ғаламторды пайдаланушылармен өткен он-лайн конференцияда осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Инфляция 2010 жылдың маусымында 0,2 пайыз болды. Жартыжылдықтың қорытындысында - 4,4 пайыз, ал жылдық деңгейде 6,8 пайызды құрады. Бұл Ұлттық банк болжаған дәліздің ортасында тұр. Біз 2010 жылғы инфляция көрсеткішіне жасаған болжамды қайта қараған жоқпыз", дейді Данияр Ақышев. Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, олар инфляцияның жылдық деңгейін биыл 6-8 пайыз аралығында болады деп болжаған еді. Қазір ол осы дәлізде тұр.