Ұлттық банк басшысы бүгін доллар бағамының өсуіне қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Атамекен» ҰКП төралқасы кеңейтілген отырысы алдында тілшілерге берген сұхбатында теңге бағамының соңғы өзгерісіне байланысты түсінік берді.
«Бүгін теңге бағамы біршама өзгерді, себебі нарықта сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі өзгерді. Қазіргі кезде болжам жасау мүмкін емес. Мұнай бағасы құбылуда және бағам да өзгеруде, бұл өзгерістер әрдайым синхронды емес. Өйткені, мұнайға бағаның әсері біздің валюталық нарыққа тікелей ықпал етпейді, яғни дәлме-дәл әсері жоқ. Экспорттаушылар валютаның сатылымы бойынша қандай да бір шешім қабылдайды. Алайда бұл бір мезгілде болмайды», - деді ол.
«Жыл соңына дейін долларға қатысты теңгенің бағамы өзгеруі болжана ма?» деген сауалға Д. Ақышев: «Болжамдарды айта алмаймын. Бүгін қандай жағдай екенін білемін. Ертең не болатынын нарық көрсетеді», - деді.
Айта кетейік, Қазақстандық қор биржасының таңертеңгілік сессиясы 1 долларға 309 теңге деңгейіндегі орташа сараланған бағаммен аяқталған еді.