Ұлттық банк биылғы инфляциялық көрсеткішке қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда азық-түлік қай деңгейде өскенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк биылғы инфляциялық көрсеткішке қатысты түсінік берді

«Жылдық инфляция биылғы жылғы шілдеде 7,1 пайызды құрап, Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес қалыптасады. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 11,3% болды және инфляцияға негізгі үлесті қосуын жалғастыруда», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджетті орындау қорытындыларын талқылау кезінде

Оның өзіне қарағанда, нан-тоқаш өнімдері мен жармаларда (13,8%), жеміс-көкөніс өнімдерінде (13,4%) өсудің барынша жоғары қарқыны сақталуда. Бұл ретте ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады (12,9%).

ҰБ мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі жанар-жағар май (ЖЖМ) бағасының төмендеуі (бензин – шілдеде 0,2%-ке) аясында 5,4% деңгейінде сақталды. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифтерін уақытша төмендету әсерінің біртіндеп жойылуы аясында ақылы көрсетілетін қызмет бағасының жылдық өсуі

3 %-тен шілдеде 3,2%-ке дейін артты. Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері осы жылғы шілдеде 0,9%-ке өсті.

Келесі айларда жылдық инфляцияның 2020 жылдың соңына дейін 8-8,5% болжамды траекториясы аясында бұдан әрі жылдамдай түсуі мүмкін.