Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын қалыптастыратын тәсілді өзгертті

«Валюта нарығында теңге бағамы жыл басынан бері 10 қыркүйек аралығында 13,8 пайызға әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 378,11 теңге болды. Ресей рублінің құлдырауынан жыл басынан бері 22 пайызға жуық басқа дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына елеулі әлсіреу факторы теңге бағамына әсер етуде»,- деді Данияр Ақшыев.
Оның айтуынша, жыл басныан бастап 7 қыркүйектегі жағдай бойынша Аргентина песосы 2 есе, Түрік лирасы 69 пайызға, Бразилия реалы 23 пайызға, Оңтүстік Африка ранды 23 пайызға, Үнді рупиі 12 пайызға, Қытай юані 5 пайызға әлсірегенін атап өтті.
«Валютаға сұраныс оған ұсыныстан айтарлықтай асқанда Ұлттық банк бағам ауытқуын реттейді. Тұтастай алғанда, іргелі үрдіске кедергі келтірмейді. Ағымдағы кезде бұл бағамның құбылуына әкеледі. Ал ұзақ мерзімді аралықта макроэкономикалық тұрақтылықты және төлем балансының орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жағдай қаржылық тұрақтылыққа және банктердегі ахуалға қауіпті емес. 2018 жылғы 10 қыркүйекте Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын қалыптастыра бастады», - деді Д.Ақышев.
Ұлттық банк басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстан қор биржасындағы валзюталық операцияларды Т+1 жүйесіне аударды.
«Бұл тәсіл халықаралық практикаға сәйкес келеді. Қазақстан нарығындағы шетелдік инвесторлар үшін тартымды болуына ықпал етеді. Жаңа есеп айырысуға өту табысты және халыққа немесе компанияларға ыңғайлы болды», - деді ол.