Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына бірінші жартыжылдықтағы макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады

АЛМАТЫ-АСТАНА. Шілденің16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына бірінші жартыжылдықтағы  макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады

Г.Марченко Президентке еліміздегі ағымдағы макроэкономикалық жағдайы туралы баяндады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші жартыжылдықтың алдын-ала қорытындыларынан хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Жалпы, жағдай тұрақты. Инфляция 6,8 пайызды құрайды және белгіленген дәліз аясында тұр. Төлем балансының сальдосы бірінші тоқсанда жағымды болып табылады. Макроэкономикалық көрсеткіштер жаман емес, - деді Г.Марченко.