16:58, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары қаржы мәселелеріне жауапты болмақ
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда наурыздың 2-сі күні Президент өкімімен Төрағаның орынбасары болып тағайындалған Дина Төлеубекқызы Ғалиеваны БАҚ өкілдеріне таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1963 жылы тамыздың 7-сінде дүниеген келген Дина Төлеубекқызы 1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін «Қазақстан халық банкі ЖЗҚ» АҚ-ы басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет жасаған. Г. Марченконың айтуынша, Д. Ғалиева енді Ұлттық банктің бүкіл қаржы блогын басқармақ. Яғни бухгалтерия, бюджетті жоспарлауды басқару, операциялық департамент және тағы басқа мәселелерге жауапты болады. Ал бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып жұмыс жасаған Медет Сартбаев «БТА банкі» АҚ-ына жұмысқа ауысты.