Ұлттық Банк үздік жұмыстарға конкурс жариялайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкурсқа Қазақстан азаматтары болып табылатын және жоғары оқу орындарында экономика мамандықтары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студентер жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін саны кемінде үш адамнан тұратын, бірақ бес адамнан аспайтын студенттер тобы өз жобаларын ұсынуы керек. Жобалар «Экономиканың өсуіне мемлекеттік қолдау көрсетудің және ынталандырудың жаңа тетіктерін дамыту», «Қазақстанның сыртқы борышы және оны реттеудің жолдары», «Кеден Одағын құрудың артықшылықтары мен перспективалары», «Нақты сектор ұйымдарында және шағын бизнесте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану мәселелері», «Әлемдік қаржы жүйесін реформалау жөніндегі бастамалар және оларды Қазақстанда іске асырудың нұсқалары» тақырыптарында болуы тиіс. Жобалар 25 маусымға дейін Ұлттық банкте қабылданады. Жеңімпаздарға 412 500 теңге көлемінде жүлде тағайындалған.