Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде белгіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме - 12% деңгейінде РЕПО біркүндік мөлшерлемесін белгіледі. Бұл - пайыздық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі мөлшерлемесі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
None
None

Ол - ақша нарығының номиналдық мөлшерлемелерін басқаруға бағытталған және ақша-кредит саясатының басты құралы. Инфляциялық таргеттеу режимі шеңберіндегі ашық нарық операциялары бұл мөлшерлемені ақша нарығында қолдайтын болады. Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелері инфляцияны (ТБИ) нысаналы дәлізде ұстап тұруға пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар