10:41, 16 Қазан 2015 | GMT +5
Ұлттық банкінде жыл соңына дейін валюталық нарықта долларға ұсыныстар елеулі ұлғаятыны күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінде жыл соңына дейін валюталық нарықта долларға ұсыныстар елеулі ұлғаятыны күтілуде.

«Ұлттық банк ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған трансферттерді қалыптастыру үшін Ұлттық қор қаражаттарын конвертациялау операцияларын жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкі бұл қаражаттарды белгіленген айырбас бағамымен алтынвалюта резервтеріне сатып алды, ауысқан долларды одан кейін Ұлттық банк валюталық нарықта сатты», - делінген ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Әлия Молдабекованың түсіндірмесінде.
«Енді трансферттерді қалыптастыру еркін айырбас бағамы режимінде жалғастырылады. Осы мақсатпен Ұлттық қор қаражаттары валюталық нарықта нарықтық бағаммен конвертацияланады. Бұл орайда жыл соңына дейін доллар ұсынысы елеулі ұлғаятын болады», - деп қосты ол.