Ұлттық банктің қайда орналасқаны маңызды емес - Н.Назарбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес барысында қала әкімі Бауыржан Байбекке Ұлттық банктің қайда орналасқаны маңызды еместігін айтты.
None
None

Бұған дейін қала басшысы Ұлттық банктің Алматыда қалғаны банк секторының дамуына айтарлықтай ықпал еткенін жеткізген болатын.

«Қазір Ұлттық банкті Астанаға көшіру туралы әңгіме жоқ. Бірақ Ұлттық банктің орналасуы бизнестің дамуына ықпал етпейді. Бұл барлық әлемде солай. Бұған баса назар аударудың қажеті жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар