11:28, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Ұлттық банктің орталық филиалына коллекциялық шақалар келіп түсті
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына «OLУMPIC GAMES 2010», «Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны» сериясынан - «Жыртқыш пен бұғы» және «Жалаулы көмбесі» коллекциялық шақалары келіп түсті.

Соңғы екеуінің номиналы - 50 және 100 теңгелік, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалаулы көмбесі» шақалары 999/1000 сынамалы, «proof» сапалы алтыннан жасалған, салмақтары - 0,5 және 1,24 грамм. Олардың ішіндегі үлкенінің құны - 8500 теңге, кішісінің құны - 4 500 теңге. «Жыртқыш пен бұғы» шақасы да осы сынамадан жасалған, құны да осындай.
«OLУMPIC GAMES 2010» шақасы 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм.