16:55, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ұлттық банктің сайтында қаржы саласына арналған форум ашылды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгіннен бастап Ұлттық Банктің ресми сайтында қаржы саласына арналған арнайы форум жұмыс істей бастады.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форумда еліміздің қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ валюталық заңнама мəселелері талқыланады.Форумды пайдалану ережесі, талқылауға арналған тақырыптарды тіркеу тəртібі жəне тізбесі пайдаланушылар үшін Ұлттық Банктің (www.nationalbank.kz)сайтының бас бетінде орналасқан форум баннері арқылы танысуға болады