Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 14,2 пайызға өсті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның халықаралық резервтері 2009 жылы тұтастай алғанда 0,5 пайызға өсті.
None
None

Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 22,7 миллиард долларға дейін артты. Таза валюталық қорлар 13 пайыз, алтындағы активтер 25 пайызға өсті. Ал елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 47,6 миллиард долларға немесе 0,5 пайызға ұлғайды. Ұлттық қордың ұлттық валютадағы активтері желтоқсанның аяғында 750 миллиард теңгені құрады.

Бас банкирдің айтуынша, елдің халықаралық резервтері төмендейді деген қауесет жоққа шықты. Банктердің сыртқы берешегі де айтарлықтай азайды. Ақша базасы 60,7 пайызға кеңейді. Оған Ұлттық банктің ішкі және сыртқы таза активтерінің өсуі түрткі болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 31,5 пайызға кеңейді. "Желтоқсанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,6 пайызға төмендеді. Оған әлемдік нарықтағы алтын бағасының 5,8 пайызға төмендеуі себепші болды. Ал елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 1,2 пайызға төмендеді. Ақша базасы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің азаюы салдарынан 2,1 пайызға тарылды. Тар ақша базасы, 4,6 пайызға кеңейді", дейді Григорий Марченко.

Соңғы жаңалықтар