Ұлттық экономика министрі қалалы жерлерде шағын несие беруді арттыруды ұсынады
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына келсек, ондағы шағын несиелердің барлығы ауыл шаруашылығы саласына беріледі. Осыған байланысты бұл бағдарламаны жаңа ауыл шаруашылығы саясатымен үйлестіру керек», - деді Қ. Бишімбаев.
Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасымен алдағы уақытта бірқатар маңызды шараларды қамту көзделеді. «Біріншіден, еңбек ресурстары артылатын, ауылды жерлерден жастар көбірек ағылатын қалаларда шағын несие беруді дамыту керек. Осы арқылы қалаға келген жастар жұмыссыздар қатарын арттырмай, кәсіпкерлікті дамытуға да мүмкіндік алулары тиіс. Екіншіден, екінші деңгейлі банктер инфрақұрылымын және шағын несие ұйымдарын кредиттік қаражаттарын шартты түрде орналастыру арқылы іске қосуға тиіспіз. Үшіншіден, «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту-2020» арқылы бағдарламасы аясында ауылда шағын несие операторын нақтылауға тиіспіз», - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде шағын және орта бизнес үшін кепілдік беруді қамтамасыз ететін бағдарлама жұмыс істеп тұр. Бұл бағдарлама істі жаңа бастаған көптеген кәсіпкерлер үшін екінші деңгейлі банктен кредит алуда үлкен қолдау болып табылады. «Біз шағын әсіресе жаңадан бизнес бастайтын жастар үшін осындай бағдарлама керек деп санаймыз», - деді ведомство басшысы.
Оның пайымынша, жаппай кәсіпкерлікпен айналысуды дамыту үшін қалалы жерлерде шағын несие беруді арттыру керек. «Мен айтып өткенімдей, мемлекет тарапынан қалалық жерлерде ешқандай да шағын несие беру қарастырылмаған. Осыған байланысты қалалы жерлерде шағын несие беруді жыл сайын 50 млрд. теңгеге дейін арттыруды ұсынамыз. Бұдан бөлек, 8 млрд. теңге қаражатты кепілдендіру бағдарламасы жүйесі арқылы ұсынған орынды. Бұның бәрі әлі де тыңғылықты зерделеуді талап ететінін ескерте кеткім келеді», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, бұл шара негізінен қалалы жерлерде жаңа іс бастайтын кәсіпкерлер үшін ондаған мың бизнес-жобаларды жүзеге асыруға қолдау болмақ.