Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге бизнес-қауымдастық өкілдері де қатысуда

«Біз өз өнімдерімізді Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан секілді ТМД елдеріне экспорттаймыз. Осы ретте Ресейге өнімді экспорттау үлкен мәселе болып табылады, бірінші кезекте, бұл - көп уақытты алатын және шығынды қажет ететін аккредитациямен байланысты қиындық. Екінші мәселе - қаржыландыру, бұған ресейлік банктер ынталы емес. Осыған байланысты экспортшылардың қаржыландырылуын кідіртуге болмайтын салалық құрылымдарды нақты белгілеп алу қажет. Бірінші кезекте, экспортқа шығатын, сондай-ақ, республиканың экономикасы мен ЖІӨ-не әсер ететін көлік құрастыру осындай салаға жатады. Үшіншіден, экспортшыларға салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарды беру қажет», - дейді көлік құрастырушы«Alageum group» ЖШС-нің бас директоры Нұржан Ыстыбаев.
Ал фармацевтикалық «Медоптик» ЖШС-нің халықаралық жобасының басшысы Валентина Полукарованың айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан, Ауғанстан нарықтарына белсенді түрде шығып отыр. Енді KAZNEX INVEST-тің қолдау көрсетуімен Ауғанстан өкілдері Алматыға сапармен келген кезде серіктестеріне өз өнімдері мен өндірістік үрдісін таныстырмақ. Енді олар Ресейдің фармацевтикалық нарығына шығуды жоспарлауда. Алайда бүгінгі таңда ол қиын мәселе болып отыр. Сондықтан қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін жаңа нарықтарға ілгерілету бойынша сервистік қолдау алуы қажет.
«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі басшыларының сөзіне қарағанда, бұл олардың Ұлттық экспорттың стратегияның негізгі әзірлеушісі ретінде Қазақстан қалаларында өткізуді жоспарлап отырған кездесулер топтамасындағы алғашқы іс-шара болып отыр. Сараптау тобының бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі енді қазан-қараша айларында Шымкент, Орал және Павлодар қалаларында жалғасатын болады.