Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментіне басшылыққа полковник Асхат Мұқашев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полковник А.Мұқашев 1965 жылы Семей облысында туған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып қызмет еткен.