Ұлттық комиссияға Ақмола облысынан 9 шенеунікті «А» корпусына қабылдамауға кеңес берілді

Аймақтық комиссиялардың «А» корпусына қабылдау немесе шығару құқығы жоқ, үміткерлерді тек қана жеке басының қасиеттері мен кәсіптік деңгейін бағалауға ғана құқылы екендігін еске сала кетейік.
Кадрлық комиссия отырыстары БАҚ өкілдері мен партиялардың бақылаушылары және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 3 күн бойы өтті. Әңгімелесуге 51 үміткердің барлығы да қатысты.
Олардың арасында: мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 6 өкілі (11,8 %, үш басшы мен үш басшы орынбасарлары), жергілікті атқарушы органдардан 45 адам (88,2 %, 13 аудан әкімі, үш қала әкімі, бір ауыл округінің әкімі, алты әкім орынбасарлары, үш тексеру комиссиясының мүшесі, сегіз басқарма басшылары, алты басшы орынбасарлары, екі бөлім басшылары), сонымен қатар, мемлекеттік қызметші емес үш тұлға болды.
«Әңгімелесу барысында алынған ақпараттар негізінде 42 үміткер (82,4 %) оң баға алса, ал 9 үміткерге (17,6 %) теріс баға берілді. Облыстық комиссияның ұсыныстары ұлттық комиссияға жіберілді, әр үміткерді «А» корпусының резервіне ұсыну жөніндегі шешім қабылдау ұлттық комиссияның құзыретінде», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.