14:28, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Ұлттық компаниялар отандық өндірісшілермен 100 миллионға жуық теңгенің меморандумын жасады ? Қайрат Келімбетов
АЛМАТЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық компаниялар өткен аптаның қорытындысына қарағанда қазақстандық кәсіпорындардың тауар мен қызмет түрін пайдалану үшін 100 милионға жуық теңгенің меморандумын жасаған.
Бұл туралы бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Алматы қаласындағы сапары бойынша өткен алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл ұлттық компаниялар қазақстандық кәсіпорындардың тауар қызмет түрлерін сатып алуға 1 триллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Оның 700 миллионы ірі 6 компанияның үлесіне тиіп отыр. Олар ? «ҚазМұнгаГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Кегок», «Қазпошта» және «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамдары», дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Енді өткен аптаның қорытындысы бойынша жасалған 100 миллион теңгеге жуық қаржының меморандумдары бойынша арнайы келісімшарттар жасалмақ. Қала әкімінің айтуынша, кеше Ахметжан Смағұлұлы Қайрат Келімбетовпен ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы барлық меморандумдар бойынша келісімшарттар толық жасалып болғанша ай сайын арнайы кездесу өткізіп тұруға келіскен.