Ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты бюджеттік қаражатқа негізделмеуі шарт - Қаржы министрі

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлттық компаниялар өздерінің инвестициялық саясатын бюджеттік қаражатқа негіздемеулері шарт.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік, мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

«Мемлекеттік жалпы сыртқы борыштың үлесі төмендеген уақытта, квазимемлекеттік сектордың, атап айтқанда ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың борыштары артып отыр. Егер мемлекеттің ішкі-сыртқы борыштары  22 млрд. долларды құраса, (Жалпы ішкі өнімге 12 пайыз), онда квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы 21 млрд. долларды құрап, бұл ЖІӨ-нің 11,5 пайызына тең болып отыр. Дегенмен, квазимемлекеттік сектордың қарыз алулары сөзсіз орынды үдеріс деп танылып отыр», - дейді Б. Жәмішев. Қаржы министрінің айтуынша, теория мен тәжірибе жүзінде капитал салымы негізінен қарыз алу арқылы жүзеге асады. Ал оның қайтарымы компаниялардың табысынан қайтарылуы шарт.

«Ұлттық компаниялар өздерінің инвестициялық саясатын бюджеттік қаражатқа негіздемеулері тиіс. Бұл қаражаттар нарықтан тартылуы, яғни қарыз ретінде алынуы керек. Ал осылайша жүзеге асатын сыртқы борыштардың өзі тікелей шетелдік инвестициялар болып табылады», - дейді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар