Ұлттық қордың активтері енді 10 жылдан кейін ІЖӨ-нің 30 пайызын құрауы тиіс - Н. Назарбаев

sp;Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің Ұлттық қорының активтері енді 10 жылдан кейін ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 30 пайызын құрауы тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге шикізаттық сектордан түсетін кірістердің көп бөлігін сақтау маңызды. Ұлттық қорда енді 10 жылдан кейін оның активтері еліміздің ішкі жалпы өнімінің кем дегенде 30 пайызын құрауы тиіс», деді өз сөзінде Н. Назарбаев.

Елбасы сонымен қатар тиісінше еліміздің жалпы сыртқы қарызын басқару қажеттігін атап көрсетті. «Антициклдық фискалдық саясатқа өтуді қарастыру қажет. Бұл дегеніміз - экономиканың өсімі кезінде мемлекеттің шығындарын азайту, ал құлдырау кезінде оларды ұлғайту қажет деген сөз. Біз халыққа жақсы жылдары қаражат жинау қажеттігін, ал күрделі жылдары оларды жұмсау қажеттігін айтуымыз қажет. Бұл өте маңызды», деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет, ұлттық холдингтер мемлекеттік бюджеттің шығандарын қысқартуы, облигацияларды шығару жолы арқылы қор нарығындағы қарыз алуды максималды деңгейде пайдалану қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар